Еуразиялық банк өкілдері бонустық бағдарлама шеңберінде қанша ақша түсетінін айтып берді, деп жазады «Адырна» ұлттық порталы.
Өзгенің есебінен өмір сүруге бола ма?
Мұндай пәлсапалық сұрақтың жауабы баяғыда-ақ беріліп қойған: екінші деңгейлі банктерде бонустық бағдарламалар есебінен сіз жұмсалған қаражаттың жартысын қайтарып алып, оны басқа заттарды сатып алуға жұмсай аласыз. Ал түсетін қаражаттың көлемі шартты және ол банк шарттарына байланысты болады. Еуразиялық банктің клиенттері мен клиенті болғысы келетіндерге бонустық бағдарламадан қалай барынша пайда табуға болатыны жөнінде кәдеге жарар кеңес береміз.
Сіз бұл туралы білесіз бе?
Банк қолданушыларының ішінде бонустық бағдарлама шартттарын бүге-шүгесіне дейін білетіндері некен-саяқ. Әдетте адамдар бонустарды мақсатты түрде емес, әдет бойынша жинайды. Алайда бағдарлама барынша пайдалы болу үшін шарттарын білу керек.
№1 кеңес. Банктің сайтында немесе мобильді қосымшада бонустық бағдарлама бойынша нұсқаулықты оқыңыз.
Еуразиялық банктің бонустық бағдарламасыныңқатысушысы болу үшін онда жеке тұлғаның картасы болғаны жөн немесе оны ашу керек. Сонымен бірге ол карта арқылы 500 теңгеден жоғары сомаға бір зат сатып алу қажет. Заттың бағасының бір бөлігі бонус түрінде арнайы шотқа түседі. Бұл шот «бонустық» деп аталады және бір клиентке онда қанша төлем картасы бар болса да, ол интернет-банкингке мобильді қосымша немесе сайт арқылы қосылған кезде автоматты түрде біреу ғана ашылады. Ал бізде мұндай интернет-банкинг Smartbank деп аталады. Оған тіркелгеннен кейін алғашқы сатыпалудан кейін бірден 500 бонус түседі.
Мүддеңізді жоғары қойыңыз
Әр адам өзінің не қалайтынын біледі немесе шамалап сезеді. Ал банк пайдаланушылардың мұндай қызығушылықтарын санаттарға бөліп, олар бойынша жоғары сомадағы бонустар сыйлап, ынталандырады.
№2 кеңес. Өз интернет-банкингіңіздегі санаттар баптауларын тексеріңіз.
Smartbank-тегі санаттар саны жетеу, олардың ішінен біреуін таңдап алуға болады. Кепілдендірілген бонус картаның түріне қарай 0,5-1%-ды құрайды. Мәселен Premium карталарында олар 1,5%-ға, «Приват» картасында 2%-ға тең.
Санаттар бойынша 30%-ға дейін бонус түседі, қосымша смартфон арқылы төлем жасағаны үшін 2% және retail-транзакцияларға (клиент депозитіндегі қалған қалдық сомасына байланысты) 2% түседі.
Мынадай санаттар бойынша таңдау жасауға болады:
- Мекемелер (мейрамханалар, барлар, кафелер);
- Азық-түліктер (супермаркеттер, тамақ өнімдері);
- Саяхат (әуебилеттері, мейманханалар, қонақүйлер);
- Авто (АҚС, ТҚО, тұрақтар, автобөлшектер сататын дүкендер, такси);
- Киім-кешек (әйелдер, ерлер, балалар) және аксессуарлар;
- Медицина (дәріханалар мен медициналық қызметтер);
- Көңіл көтеру (кинотеатрлар, галереялар, театрлар, аттракциондар, видеоойын клубтары, цирктер, зоосаябақ және т.б.).
Еуразиялық банк қосымшасындағы 30%-ға дейін бонус берілетін «Көңіл көтеру» санаты автоматты түрде қосылады.
Оны «Автокарта» және «Экокартаны» санамағанда айына бір рет тегін өзгертуге болады. Бұдан бөлек карта түрлері бойынша да айрықша шарттар бар.
Мысалы «Автокарта» бойынша 500 теңгеден көп сомаға зат сатып алсаңыз сіз:
- кепілдендірілген +1 % бонус ;
- Apple Pay, Samsung Рay, Google Pay төлемдері үшін +1% бонус;
- «Авто» санаты бойынша төлем жасаған кезде +4% бонус;
- eubank.onetwotrip.com серіктес сайтындағы қонақүйлерді броньдағаныңыз үшін +8%-ға дейін бонус;
- eurasia36.kz сайтындағы және «Евразия» сақтандыру компаниясының сауда нүктелеріндегі сатыпалулар үшін банк бонустарымен бірге +5% , сондай-ақ сақтандыру полисін онлайн сатып алған жағдайда +10%;
- retail-транзакциялар жасаған кезде +2% бонус аласыз.
Барлығы: «Автокарта» бойынша 34%-ға дейін бонус. Қосымша «Евразия» сақтандыру компаниясынан 10%-дық жеңілдік пен 10 литр бензин, «Евразия» өмірді сақтандыру компаниясынан сақтандыру полисін төлеген жағдайда 50% жеңілдік аласыз.
«Экокарта» бойынша берілетін бонус 32,5%-ды құрайды, Gold картасы бойынша – 35% және бөлімшеден жаңа жалақы картасын алған соң алғашқы үш айдағы сатыпалулар үшін екі еселенген кепілдендірілген бонустар аласыз. Premium картасы бойынша да 36% және дәл осындай екі еселенген бонустар, SmartCard бойынша – алғашқы үш ай қолданғаны үшін 37% бонус (жоғары кепілдендірілген бонус есебінен 3% ), одан кейін 35%.
Бонустық бағдарламадан түсетін максималды пайда — 37%. Оның шарттарымен банк сайтынан толық танысуға болады.
Көбірек бонусты қалай жинауға болады
Ең оңай тәсіл, тіптен оңайдың оңайы — картаны қолдану.
Бұл №3 кеңес. Қолма-қол емес, карта арқылы жиі төлем жасаған сайын (кез келген форматта: интернеттегі сатып алулар, pay-жүйелер арқылы) көбірек бонус түседі.
Екіншіден, сүйікті санатты алдын ала жоспарлау. Мәселен, егер алда саяхат күтіп тұрса, онда қосымшада «Саяхаттар» санатын орнатқан дұрыс, дүкенде сауда жасағанды ұнататындар «Киім» санатын таңдауы керек, қыдырымпаз жандар «Көңіл көтеру», ал дәмді тамақтанғандарды ұнататындар «Мекемелер» санатын таңдағаны абзал.
Еуразиялық банктен жоғары бонустарды World Mastercard Black Edition, Visa Infinite немесе Visa Platinum (36%-ға дейін) премиалды карталары арқылы сауда жасаған кезде алуға болады.
Бұдан бөлек бонустар қай уақытта жиналмайтынын да біле жүрген жөн. Мынадай жағдайда бонус түспейді:
- қолма-қол ақшаны шешіп алған кезде;
- жалақы түскен кезде;
- сатыпалу үшін ақшалай қаражатты қайтарып берген кезде;
- жол чектерін, крипто- немесе өзге де электронды валюта сатып алған жағдайда, e-әмияндарды толықтырған кезде;
- ставкаларды төлеген немесе лоторея билеттерін сатып алған жағдайда;
- ЕДБ-дегі борышты төлеген кезде немесе клиент шоты бұғатталған жағдайда;
- B2B бизнес-қызметтері мен сервистерін, жарнамалық қызметтерді, сот орындаушыларының қызметтері немесе баж салығын төлеген жағдайда;
- телекоммуникациялық жабдықтар, оның ішінде телефон сатып алған кезде;
- ломбардтарда төлем төлеген кезде.
Қанша бонус жинағанымды қалай білуге болады және оны қалай жұмсаймын?
Smartbank-тегі теңгерімді «Бонустар» бөлімінен тексеруге болады. Бонустарды өз банкіңіздің мобильді қосымшасы арқылы әдепкі сауда жасау кезінде немесе ТКШ, ұялы байланыс қызметтерін төлеуге жұмсай аласыз. Еуразиялық банк клиенттері жиналған қаражаттың 100%-ын пайдалана алады. Бұл үшін төлемді бонустармен төлейтінін растау керек. Төлем жасау кезінде бонустар шегеріледі.
ПІКІР ЖАЗУ