Ақтау маңындағы Қаракөл көлінде өлген аққулардың саны 601—ге жетті, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бұл туралы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы хабарлады.
2023 жылдың 21 желтоқсанында Қаракөл көлінде аққулардың өлгені туралы алғашқы хабарлама түсті. 6 қаңтардағы жағдай бойынша біз 601 бастың өлімін тіркедік. Өлген аққудың 90%-дан астамы – балапаны. Біз Қазақстанның биоәртүрлілігін сақтау қауымдастығының орнитологтарынан қосымша зерттеу жұмыстарын күтеміз, — деді Облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Ғаббас Досатов.
Сараптамалардың нәтижесі аққулардың құс тұмауын жұқтырғанынан өлуі мүмкін екенін анықтады.
ПІКІР ЖАЗУ