Қарағандылық әйел 1,7 млн теңгенің алтын бұйымдарын ұрлап кеткен

Қарағандылық әйел танысының үйінен 1,7 млн теңгенің алтын бұйымдарын ұрлап кеткен, деп хабарлайды «ozgeris.info» «Polisia.kz»-ке сілтеме жасап.

7 наурыз күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 55 жастағы әйел арыз жазып, шағымданып, белгісіз біреу үйіне ұрлыққа түсіп, ақша мен алтын бұйымдарын ұрлап кеткендігі туралы хабарлаған.

Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 1 миллион 700 мың теңгені құраған. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

14 наурыз күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 37 жастағы азаматша анықталып, ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Полиция қызметкерлерімен күдікті азаматшаның жәбірленушінің танысы екені анықталды. Ол жәбірленушінің бағалы заттарының қай жерде сақтайтынын алдын ала білгені белгілі болды. Айғақ заттар тәркіленді, тергеу амалдары жүргізілуде.

«ozgeris.info».