Қарағандыда журналист жоғалып кетті

Максим Объедков
Фото: Вечерняя Караганда

Республикалық және қалалық басылымдарда спорт журналисі болып істеген Максим Объедков жоғалып кетті, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Вечерняя Караганда телеграмм-арнасының жазуынша, 17 маусымда хабарсыз кеткен Максим Объедков үйінен шығып, сол күйі оралмаған.

Ол бойы — 189 см, арықша келген, қара шашты, қоңыр көзді. Максим сол күні джинсы шалбар, көк спорттық аяқ киім, басына қара қалпақ киіп шығып кеткен.

«Вечерняя Караганда» басылымы оны көргендер болса, мына ұялы телефонға хабарласуды сұрайды: +7 (778) 872-05-13, +7 (708) 352-64-60, +7 (705) 326-86-98 немесе 102.