Қарағандыда пакетке салынған нәрестенің мәйіті табылды

Қарағанды тұрғыны гараж маңынан пакетке оралған жаңа туған баланың денесін тауып алды, деп хабарлайды ozgeris.info ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

9 сәуірде Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Киров полиция бөліміне 26 жастағы қала тұрғыны хабарласып, өзіне тиесілі гараждардың маңайын тазалап жүргенде жаңа туған баланың мәйітін тауып алғанын хабарлады. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді.

«Полиция қызметкерлері оның зорлық-зомбылық белгілері жоқ, жаңа туған ұл баланың денесі екенін анықтады. Қазіргі уақытта оқиға орнына жақын маңдағы үй тұрғындарынан көрген-білгендер бойынша сұрау салу, сондай-ақ баланың анасын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 100-бабына («Жаңа туған сәбидi анасының өлтiруi») сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде»
,– деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…