Қарағанды облысындағы жағдай әлі де тұрақсыз. Төрт елді мекеннен 300-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Гидротехникалық құрылыстар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.
30 наурызда Шет ауданында төтенше жағдай жарияланды. Тұрғын үйлерді су басу қаупі бар алты жағдай тіркелді, оның үшеуі Шет ауданындағы үш елді мекенде су басқан. Су басқан үйлерден алдын ала 292 адам эвакуацияланды, оның 114-і бала.
Көктемгі су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына көмек көрсетіліп, ешкім назардан тыс қалмайды. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектенов су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқынының зардаптарын жою жөніндегі республикалық штаб отырысында айтты.
Сондай-ақ облыста Самарқанд және Интумақ су қоймаларынан секундына 900 текше метрге дейін су шығарылып жатыр.
Шерубай-Нұра өзеніндегі су деңгейінің болжамды көтерілуіне байланысты ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың күшімен Қайрақты ауылынан 67 адам алдын ала эвакуацияланды, оның ішінде 32 бала. Олардың көбі Ақсу-Аюлы ауылындағы туыстарына орналастырылды. Елді мекен тарапынан Шерубай-Нұра өзенінің арнасында ұзындығы 600 м. уақытша бөгет салу және қаптарды төсеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Пост қойылды.
ТЖД базасында департамент, басқармалар мен әкімдік қызметкерлерінен тұратын су тасқынына қарсы штаб тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.
Фото: видеодан алынған скрин
ПІКІР ЖАЗУ