Қазгидромет мамандары 10-12 наурыз аралығында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.
«Қазақстан аумағының солтүстік жартысы антициклонның ықпалында қалып отыр. Елімізде ауа райы негізінен жауын-шашынсыз, ауа температурасы өте төмен болады. Түнде бұл аймақтардағы термометр бағандары 17-28 градус аязға дейін төмендейді. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде, оңтүстік циклонның шығуымен жауын-шашын күтіледі, республиканың батыс аймақтарында көбіне қар жауады, ол боранмен бірге жүреді, оңтүстігінде негізінен жаңбыр, ал таулы, тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады. Сондай-ақ, фронтальды аймақтың Қазақстан аумағы арқылы өтуімен 15-20 дейінгі жел, 23-28 м/с екпінге дейін күшейеді»,– делінген хабарламада.
ПІКІР ЖАЗУ