2024 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Үкіметтің төтенше резервінен үйлері қалпына келтіруге жатпайтын, Арқалық қаласындағы отбасылар үшін, тұрғын үй сатып алуға қаражат бөлінді.
Қаржыландыру Қостанай облысының әкімдігі ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне нысаналы трансферттер үшін жіберілді, деп хабарлады премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Қостанай облысындағы су тасқыны жағдайы республикалық штабтың бақылауында.
«Бүгін су тасқынынң шыңы өтті. Қалалық және аудандық әкімдіктер табиғи сипаттағы ТЖ салдарынан мүлкі зардап шеккен азаматтардан материалдық залалды өтеу туралы өтініштерді тіркеді. Шешім, бағалау комиссиясы жұмысының қорытындысы бойынша қабылданды. Бірақта Арқалық және басқа да елді мекендерде үйлерді тексеру жұмыстары жалғасуда», – деп атап өтті жергілікті әкімшілік.
ПІКІР ЖАЗУ