Ақтөбе облысында облыс прокуратурасы спорт алаңдары мен залдарын жалға беру қызметтерінен бюджетке түсуі тиіс болған қаражатты екі балалар-жасөспірім спорт мектебінің басшылары негізсіз иемденгенін анықтады. Олар жеке қажеттіліктеріне, соның ішінде букмекерлік ұтыстарға жұмсады деген күдікке ілінді.
Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.
“Олар 12 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын өз қажеттіліктеріне, оның ішінде букмекерлік ұтыстарға тіккен”, – делінген ресми мәлімдемеде.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, спорт мектептерінің басшылары спорттық алаңдар мен залдарды жалға беруден түскен қаражатты заңсыз иемденген. Бұл қаражат бюджетке түсуі тиіс болған.
“Аталған фактілер бойынша прокуратура екі қылмыстық іс қозғады. Тергеуді облыстық экономикалық тергеу департаменті жүргізді. 2025 жылғы 10 қаңтарда тергеу аяқталып, қылмыстық істер біріктіріліп, сотқа жолданды”, – деп хабарлады ведомство.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру