Ақтауда зейнеткер 9-қабаттан құлап, қайтыс болды

Фото: Pixabay.com

Ақтауда 33 шағын ауданда 66 жастағы зейнеткер 9-қабаттан құлап, көз жұмды. Бұл туралы ozgeris.info сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

Әлеуметтік желіде 33-ші ықшамаудандағы №19 үйдің маңында жедел жәрдем мен полиция көліктері бейнеленген видео жарияланды.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті ер адамның көпқабатты үйден құлап кеткенін нақтылап, өлім фактісін растады.

«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасуда», — делінген ақпаратта.

Маңғыстау облыстық жедел жәрдем станциясы 16 наурыз күні сағат 00:43-те «биіктен құлау» туралы қоңырау түскенін хабарлады.

«Оқиға орнына бригада сағат 00:48-де жетті. Қоңыраудың диагнозы 66 жастағы ер адамның белгісіз себептермен қайтыс болуы. Ақпарат 102 қызметіне жіберілді», — деп хабарлады ведомство.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей