Ақпан айында бензин қымбаттайды — мамандар болжам жасады

Фото: life.ru

Қазақстанда бензин мен дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу ресми түрде жойылды.

Тиісті бұйрыққа Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев қол қойып, 30 қаңтарда күшіне енген.

Қазақстандық отын қауымдастығының хабарлауынша, реттеудің күшін жоюдан кейін 1 ақпаннан бастап ЖЖМ көтерме жеткізушілері бағаны көтерді. Бұл жанармай бағасының көтерілуіне алып келеді.

«Отын нарығын 80 пайызға бақылайтын KC Energy Group пен Қазмұнайгазды қоса алғанда, жанармай ресурсына жауаптылар 1 ақпаннан бастап көтерме бағаны көтерді. Осылайша, бөліп сатушылар ақпан айындағы отын көлемін жоғары бағамен сатып алуда. Мәселен, дизель отыны мен АИ-92 бензинінің көтерме бағасы литріне орташа есеппен 4 теңгеге артты. Тиісінше, ақпан айының соңына қарай жанар — жағармайдың бөлшек құны  артады», — деп түсіндірді қауымдастық.

Қауымдастықтың айтуынша, қосылған 4 теңгенің 80 пайызы немесе 3 теңгесі мемлекеттік бюджетке акциз түрінде алынады.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)