Ақмола облысында жедел жәрдем шақырған адам фельдшерге шабуыл жасады

Степногорск қаласында жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған жергілікті тұрғын 400 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға медицина қызметкерлері эпилепсия ұстамасы бар науқасқа көмек көрсетуге келген кезде болған. Айыпталушы жедел жәрдемнің кешігуіне наразылық білдіріп, фельдшермен сөзге келіспей қалған.

«Науқасты жедел жәрдем көлігіне ауыстырған сәтте әйел оның ішіне кіруге тырысқан. Алайда медицина қызметкері оған рұқсат бермеген, себебі ол науқастың жақын туысы болмаған. Сол кезде ашуға мінген әйел фельдшерді жұдырықпен ұрған», — делінген хабарламада.

Сот шешімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, 400 сағат қоғамдық жұмысқа міндеттелді. Сонымен қатар, ол 90 мың теңге көлемінде материалдық шығын мен 500 мың теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный "убийца" диабета: сахар не поднимается выше 4,6 ммоль/л
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом