Cmn.kz порталының айтуынша Ақмола облысында жетім балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу құқығы бұзылған. Прокурорлардың мәліметінше, жетім балаға арналған пәтерде екі жыл бойы мемлекеттік мекеме басшысы тұрған деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, 33 бала заңсыз есептен шығарылып, тағы сегізі уақтылы кезекке қойылмаған. Сонымен қатар, бір жетім балаға мүлде тұрғын үй беруден бас тартылған.
«Аудан орталықтарының бірінде жетім балаға арналған пәтерде екі жыл бойы мемлекеттік мекеме басшысы тұрған. Қадағалау актісінің негізінде пәтер қайтарылып, балаға берілді», – деп хабарлады прокуратура.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру