Биыл ақпан айының 14 күні Қаратал ауданы әкімдігінің кіші мәжәліс залында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) Жетісу облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Темірәлиев Тимур Сәбитұлының, Превенция басқармасының басшысы Сұлтанқұлов Ермек Самидинұлының, аудан әкімі Досымбеков Ұлан Әлдибекұлының, Жетісу облысы Кәсіпкерлер палатасының Қаратал ауданы филиалының директоры Құсайынов Фархаттың, жергілікті атқарушы билікпен БАҚ өкілдері қатысқан Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және бизнес саласындағы парасаттылықты арттыру мәселелері талқыланған аудан кәсіпкерлерімен кездесу өтті.
Кездесуде Тимур Сәбитұлы :
— Жең ұшынан жалғанған сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күні еліміз үшін күрделі мәселе болып отыр. Сыбайлас жемқорлық – бұл ғаламдық емі табылмаған дерт секілді. Емі табылмаған бұл індетке қарсы ел болып бірлесе қарсы тұруымыз қажет басқа амал жоқ. Сыбайлас жемқорлық қай елдің болмасын бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендетіп және халықаралық беделіне көленке түсіретіні айтпасада белгілі. Қоғамның мемлекеттің демократиялық негізіне, заңның үстемдігімен әділдігіне, ел халқының билікке деген сеніміне селкеу түсіретіні хақ. Жоғарыда аталғандарды назарға ала отырып әрбір мемлекеттік мекеме басшысы өз ұжымында жемқорлықтың алдын-алу бағытында тұрақты түрде шараларды қабылдап отыруы міндетті, — десе.
Ал Ермек Самидинұлы:
— Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бүгінгі келгендегі басты мақсаты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Бизнес өкілдерін заңсыз тексерулермен, олардың осы жолда кездескен проблемалық мәселелерін кәсіпкерлермен кездесуде талқылап анықтау және туындаған мәселенің нақты шешу жолдарын іздеу, — екенін айтты кәсіпкерлерге.
Аудан әкімі Ұлан Әлдибекұлы:
— Құрметті кәсіпкер қауым қашан келсеңіздерде менің есігім ашық, келіп қандайда бір толғандырған мәселелеріңіз немесе өз тараптарыңыздан ұсыныс тілектеріңіз болса тыңдауға дайынмын. Аудан аумағында жемқорлықты болдырмау үшін Антикормен қашанда біргіге жұмыстар атқаруға дайынбыз. Президентіміз айтқан «Әділетті Қазақстанды» бірлесіп құруға тынбай жұмыс жасайық» — деді.
Аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Құсайынов Фархат:
— Біздің басты міндетіміз адал бизнестің қызметіне басқа мемлекеттік құрылымдардың заңсыз араласуынан қорғаумен қатар кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделері де кіреді. Құрметті кәсіпкер қауым егерде қандай да бір заңсыздыққа тап болсаңыз Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің 1424 нөміріне хабарласыңыздар немесе Атамекен ҰКП аудандық филиалына келсеңіздер болады, -деді.
Қобланды Абенов
ПІКІР ЖАЗУ