«Шолжаңдаған еркетотайлар»: Журналист әншілерге салық салу керегін айтты

Фото: ашық дереккөз

Танымал журналист, блогер Мөлдір Бақыт еліміздегі әншілер мен блогердің қарапайым халықпен бірге ҚҚН салығын төлеуін талап етті. Ол «еркетотайлардың жындарын қағып алатын уақыт жеткенін» ашық айтты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Журналист өткір ойын өзінің желідегі парақшасында мәлімедеді.

«Осы тойда ән айтып, мың долларлап гонорар алатындарды креативті индустрия өкілдеріне жатқыза аламыз ба? Тағы бір мәселе, жылына 15 млн табысы барлар НДС төлейді дедік. Сонда осыған дейін әнші-пәнші, блогер-слогерлер салықты қалай төлеп келді? Креативті индустрия өкілі ретінде 4% ғана ма? Тағы ИП шығар барлығында? Әлде ол да жоқ па?

Менің ойымша, олар да басқа бизнес өкілдері секілді жауапкершілік алуы керек. Салық төлесе, төбелерінен суық су құйып жібергендей оянады. Айналаға қарай бастайды, талап ете бастайды. Риторикасы өзгереді. Осы күнге дейін аз шолжыңдаған жоқ. Еркетотайлардың жындарын қағып алатын уақыт жетті.

Олар қайырымдылық жасайды деген жабайы уәж өтпейді», — деді Мөлдір Бақыт.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 ложку с утра - и все! Живот уходит за 12 дней, бока за неделю…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот домашний метод сжигает 9 кг жира за 6 дней! Помогает ленивым