Анкарадағы кездесу: «Түркия мен Грекияның шешілмеген мәселесі жоқ»

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Анкарада Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакисті қабылдады. Ұзақ әңгімеден кейін Түркия басшысы көршілес екі елдің «шешілмейтін проблемасы жоқ» деген пікірін білдірді.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакис бірнеше сағат бойы кең ауқымды мәселелерді – экономика мен аумақтық даулардан Газа секторындағы жағдай мен терроризммен күреске дейін талқылады.

Соңғы бір жылда бұл Грекия Премьер-Министрі мен Түркия Президентінің төртінші кездесуі. Афины мен Анкара қарым-қатынастарын нығайтып, бұрыннан келе жатқан дауларды шешуге тырысуда.

«Түркия мен Грекия арасындағы ынтымақтастық рухын нығайту бүкіл өңіріміз үшін пайдалы болады деп ойлаймыз. Жаңа ғана премьер-министрмен өте мазмұнды, шынайы және сындарлы сұхбатта болдық», — деді Режеп Тайып Ердоған бірлескен баспасөз мәслихатында.

«Біз екі көршіміз арасындағы өзара түсіністікке ұмтылудың бұл тәсілін ерекшелік ретінде емес, біздің ұстанымдарымыздағы белгілі келіспеушіліктерді жоймайтын нормаға айналдыра аламыз», — деді Кириакос Мицотакис.

НАТО-ның екі елі – Түркия мен Грекия – ондаған жылдар бойы бірнеше даулы мәселені шеше алмай, соңғы жарты ғасырда үш рет соғыстың шегіне жетті.