Талдықорған қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктерден кейін қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бірақ 2016 жылы Нұрсұлтан Назарбаевқа қойылған ескерткіш әлі қалпына келтіріліп, орнына қойылмаған, деп хабарлайды «ozgeris.info» «halyq-uni.kz»-ке сілтеме жасап.
Бүгін Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев баспасөз мәслихатын өткізіп, журналистердің сұрағына жауап берді. Жиында Елбасыға қойылған ескеркішті қайта қалпына келтіру жайы да сөз болды.
— Бұл сұрақ күн тәртібінде тұрған жоқ. Шынын айтқанда, жаңа ескерткіш жасамасақ, ескерткішті қайта қалпына келтіруге мүмкіндік жоқ. Быт-шыты шыққан, — деп қысқа қайырды аймақ басшысы.
Талдықорған алаңында тұрған Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші 2016 жылы қараша айында орнатылған болатын. Қоладан құйылған монументтің биіктігі — 8,5 метр. 5 қаңтарда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Елбасының ескерткіші қиратылды.
«ozgeris.info»
ПІКІР ЖАЗУ