TikTok желісінде «композитор ағай» атымен танымал Арысбек Бағдаулет белгілі әнші Әділет Жауғашардың өзінің аманатына қиянат жасағанын айтты, деп жазады ozgeris.info сайты.
Композитордың сөзінше, Төреғалидің «Үйге қайтамын» деген әнінің идеясын өзі ұсынған екен.
«Өзім КамАЗ жүргіземін. Әншілермен көп байланысым жоқ. Осы әннің идеясы шыққан кезде Әділет Жауғашарға хабарласып, Төреғалиға тыңдатуын сұрадым. Бірақ ол аманатымды орындаудың орнына өзі Рамазан Амантайға сөз жазғызып Мұхтар Ханзадаға беріп жіберген. Өзім алғаш естігенде төбемнен жай түскендей болды», — деді ол.
Ол шындықты халыққа айтуға ұйғырған.
«Өзім жұмыста үйді сағынып жүріп жүректен шығарған әнімді Әділет Жауғашар Төреғали Төреәліге тыңдатпай өзі сол идеямен басқа ән шығаруы жігіттікке жатпады. Аманатқа қиянат жасалды! Шындығы осы», — деді композитор.
ПІКІР ЖАЗУ