Әнші Әбдіжаппар Әлқожа Бекжан Тұрыстың орындауындағы «Амалым қанша» әнін қайта жандандырып, желіні жарды, — деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Әнші танымал әнге бейнебаян түсіріп те үлгерген. Осы тұста желі қолданушылары Әбдіжаппардың мұндай әндерді орындауының өз себебі барын, көзі мұңға толы екенін жарыса жазды.
«Жаным сол, көзің мұңға толды ғой. Найманның қызын амал жоқ алдың», «17 жасында үйленіп, махаббаттың не екенін де білмеген. Көкейінде өкініш пен сағыныш жатыр», «Жүрегі жаралы», — деді олар.
Айта кетейік, аталмыш бейнебаян екі күн ішінде 150 мыңнан аса қаралым жинап үлгерді.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру