Халықаралық ғалымдар тобы күн энергиясын жинақтап, сақтауға мүмкіндік беретін чип жасап шығарды, деп хабарлайды «ozgeris.info».
Бұл чип өзін-өзі зарядтайтын гаджеттерді жасауға мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысының қорытындысы «Cell Reports Physical Science» журналында жарияланды.
Ғалымдардың айтуынша, олар жасаған концепция күн энергиясын алуға, оны жинақтауға және 18 жылға дейін сақтауға мүмкіндік береді.
— Біз күн энергиясын ауа-райына, тәулік уақытына, маусымға немесе географиялық жағдайға қарамастан, электр энергиясын өндіру үшін пайдалануды үйрендік, — дейді зерттеу жетекшісі Каспер Мот-Пулсен.
Технология көміртегі, сутегі және азот молекуласына негізделген, ол күн сәулесінің әсерінен пішінін өзгертеді. Содан кейін бұл изомерді ұзақ уақыт бойы сұйық күйде сақтауға болады. Ғалымдар жасаған ультра жұқа чип энергия шығарады.
Ғалымдар бұл технология классикалық батареялар мен күн батареяларын алмастыратынын атап өтті.
«ozgeris.info».
Тамаша міне нағыз болашақты ойлайтын ғалымдар. Алайда, тек оған ғана сеніп қалмай, суды да үнемді пайдаланатын жолдары бар энергия беретін. Әттең нақты қолдап-қоштайтын ешкім болмай жүр ғой. Біздің коммерциялық емес ұйымның мүшелерінің арасында небір түрлі данышпандар өз сызбасы мен даже патенттелген шаралары да бар. Мысалы:-он литр суды қайта-қайта пайдалана отырып ток шығару сосын газ ал нәтижесінде ыстық суменде қамтамасыз ету. Немесе магнезиалды ақ цемент М1000, адам ағзасына тек пайдасын тигізетін. Немесе нақты шипасын беретін арқалы адамдарымыздың табиғи таза дәрі-дәрумендері мен нақты ладуни іс-қимылдары көп…