«Алтыналмас» компаниясы мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровты қолдады

Биыл қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Қытайда өткен Төрт континент чемпионатында алтыншы және Канадада өткен әлем чемпионатында 14-ші орынға ие болды. Қазір ол олимпиада алдындағы маусымға белсенді дайындалуда. Жақын арада барлық күш-жігер 2026 жылы Италияда өтетін қысқы Олимпиадаға жолдама алуға жұмсалады.
Биылғы жылдың шілде айында Михаил жыл сайын Жапонияда өтетін The ice мұз шоуында өнер көрсетеді.

«Осы маусымда жанкүйерлерімнің көптігіне қуаныштымын. Олардың барлығына өте ризамын «, — деді қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы.