Алтын жауған түн: Назым Қызайбай бастаған боксшы қыздар әлем чемпионы атанды

Фото: olympic.kz

Сербияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында 48 келі салмақта сынға түсіп жатқан қазақстандық Назым Қызайбай үшінші рет Әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Бұған дейін спортшы өз мүмкіндігін жоғары бағалап, жанкүйерлерді қолдау көрсетуге шақырған еді.

«Өте қуаныштымын. Олимпиададан кейін алты ай өтті. Президенттің алдында сөз сөйлегенімде, алдағы додаларда жақсы нәтиже көрсетемін деп айтқан едім. Қаншама жыл еңбектендім. Бұл тек менің жеңісім емес, құраманың жеңісі. Осы жолы барлық жағынан дайындалдық. Қуаныштың көз жасы», — деді Назым жекпе-жектен кейін.

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының спортшысы Алуа Балқыбекова (50 келі) Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты.

Қазақстандық финалда қытайлық Ху Мэиймен кездесті. Жақсы қорғана білген Алуа, шабуылда да дәлдігімен көзге түсті. Нәтижесінде 5:0 есебімен басым түсті.

Осылайша ол Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтын медальді салды.

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының спортшысы Аида Әбікеева (63 келі) Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды.

Отандасымыз ақтық сында таиландтық Тананья Сомнуекпен қолғап түйістірді. Аида Әбікеева үш раунд бойы жоғары деңгейдегі бокс үлгісін көрсетті. Нәтижесінде 5:0 есебімен жеңді.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 ложку с утра - и все! Живот уходит за 12 дней, бока за неделю…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот домашний метод сжигает 9 кг жира за 6 дней! Помогает ленивым
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец