Алматы қалалық ТЖД-ның бұрынғы бастығы Руслан Қасыбаев алдымен билікті асыра пайдаланғаны үшін сотталып, кейіннен ақталды. Содан соң ол өзіне келтірілген моральдық зиянды өтеу үшін сотқа жүгінді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Сотта ТЖД-ның бұрынғы басшысы «1,5 жылдан астам уақыт бойы заңсыз қылмыстық қудалау орбитасында болып, моральдық азап шеккенін» атап өтті.
«Қасыбаевтың сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы хабарламалар БАҚ-та заңсыз жарияланды. Жарияланымдар қоғамдық айыптау толқынын туғызды. Бұл талап қоюшыға өзін ақтауға мәжбүр болған жақын туыстары үшін эмоционалды-психологиялық жарақат әкелді», – делінген сот шешімінде.
Сот 3 млн теңге көлемінде өтемақы тағайындауды ұйғарды. Алайда Қасыбаев шешіммен келіспей, 18 маусымда апелляцияда қаралатын болды.
2023 жылдың қыркүйегінде Қасыбаев билікті асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, үш жылға бас бостандығынан айырылды.
2023 жылдың желтоқсанында Жоғарғы соттың қылмыстық сот алқасы оны ақтады.
2024 жылдың ақпан айында Қасыбаев БҚО ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.
ПІКІР ЖАЗУ