Алматы полициясы ҰҚШҰ отырыстары кезінде жолдарда мүмкін болатын шектеулер туралы хабарлады.
30 мамыр мен 6 маусым аралығында мегаполисте бірнеше халықаралық іс-шаралар өтеді:
30-31 мамыр — ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы.
2-3 маусым — ҰҚШҰ парламенттік ассамблеясы кеңесінің отырысы.
5-6 маусым — ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің отырысы.
«Осыған байланысты, іс-шаралардың ауқымын, қатысушылар мен қонақтардың санын ескере отырып, Алматы қалалық полиция департаменті жол қозғалысының жартылай шектелуі туралы хабарлайды. Айта кету керек, жол шектеулері қоғамдық көлік қозғалысына әсер етпейді «, — делінген полиция хабарламасында.
Қала тұрғындарынан уақытша шараларға түсіністікпен қарауды және қозғалыс бағытын алдын ала түзетуді сұрайды.
ПІКІР ЖАЗУ