Алматыдағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші баланы тұншықтырған. Бұл туралы бүлдіршіннің ата-анасы жариялады, деп хабарлайды ozgeris.info порталы.
Желіде тараған видеода “Ахляк” бабалақшасының қызметкері баланы асханаға алып барып, аузын жауып тұншықтарғаны анық көрінеді. Оқиға кезінде бөлмеде тағы екі қызметкер болған.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу жалғасуда.
ПІКІР ЖАЗУ