Алматының Медеу ауданындағы күрделі жөндеуге жабылады, деп хабарлады мегаполис әкімдігінің баспасөз қызметі.
46 жыл бұрын салынған білім ордасының жөндеу жұмыстары наурыз айында басталып, 2026-2027 оқу жылына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Жоба аясында ғимаратты күрделі жөндеу, мектеп жиһаздарын жаңарту, кітапхана мен асхананы заманауи талаптарға сай жабдықтау, сондай-ақ спорт залын қайта жаңғырту көзделген.
Қазіргі таңда гимназияда 1067 оқушы білім алуда. Жөндеу жұмыстары жүргізілген уақытта олар Медеу ауданындағы басқа мектептерге орналастырады:
▪️ №77 мектепке – 414 оқушы;
▪️ №47 мектепке – 326 оқушы;
▪️ №56 мектепке – 210 оқушы;
▪️ №28 мектепке – 117 оқушы.
«Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданды. Қажет болған жағдайда мектептерге автобуспен жеткізу ұйымдастырылады», – деп атап өтті әкімдік өкілдері.
Керемет. Осындай маңызды ақпараттар көңіл қуантады.