Алматыда болған жер сілкінісінен кейін мамандар 36 жолайрық пен көпірге, 45 жерүсті және жерасты жаяу жүргіншілер өткеліне тексеру жүргізді.
Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасы мәлім етті.
«Ешқандай зақым анықталған жоқ. Сонымен қатар көпірлер мен өткелдерді егжей — тегжейлі зерттеу жұмыстары жалғасып жатыр», — делінген хабарламада.
Еске салайық, 4 наурыз күні Алматыда 5 балдық жер сілкінісі болды.
ПІКІР ЖАЗУ