Алматыда жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады

Фото:depositphotos.com

Алматыда оқушы өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. 2009 жылы туған бала болғаны белгілі, жасы 16-да.

Дереккөздің мәліметі бойынша, бала өз үйінің жанында асынып алған. Бұл әрекеттің себебі туралы әзірге ештеңе белгісіз. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол Медеу ауданындағы бір мектепте оқыған.

Алматы полициясы ақпаратты растады.

«Аталған факті бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.
Себеп пен мән-жайлар анықталуда», — деп хабарлайды Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.