Алматыда қыз тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабатынан құлап кетті. Полиция департаменті мәліметінше, ол қаза болған, — деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Әлеуметтік желіде қыздың болжам бойынша 6-қабаттағы терезе шетіне шыққаны түсірілген видео жарияланды. Сосын ол қатты күліп, билей бастайды. Бір сәтте, куәгерлердің айтуынша, ол құлап кеткен.
Алматы Полиция департаменті бұл факт «Өзін-өзі өлтіру» бабы бойынша тергеліп жатқанын хабарлады.
«Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр», — деп хабарлады ведомствода.
ПІКІР ЖАЗУ