Алматыда тұрғын үй маңынан мәйіт табылды

Фото: Pixabay.com

Желідегі мәліметке сәйкес, әйел «Комфорт сити» тұрғын үй кешенінің 18-ші қабатынан секіріп, мерт болған, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

«Бұл дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр», — деп хабарлады қалалық полиция департаментінен.