Бұл туралы CMN.KZ сайтына Алматы полициясының баспасөз қызметінен хабарлады. Қайғылы оқиға бүгін Бостандық ауданында сағат 17:50 болды.
«11 бағдардағы троллейбустың жүргізушісі Тимирязев көшесімен батыс бағытта Байтұрсынов көшесінің батысында жаяу жүргіншіні, 2003 жылы туған, өкінішке қарай, алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болған жігітті қағып кеткен», — деп хабарлайды полиция.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, адам өліміне әкеп соққан ЖКО фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
ПІКІР ЖАЗУ