Себебі анықталды: Алматыда субұрқақта қайтыс болған жасөспірімге қатысты тың дерек айтылды

Фото: видеодан кадр

Алматыда ҚазҰУ аумағындағы субұрқақ маңында қайтыс болған 17 жастағы жасөспірімнің өлімінің себебі белгілі болды, деп хабарлайды Ozgeris.Info тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Оңтүстік-Шығыс өңірі бойынша өңіраралық сот сараптамасы орталығы директорының медициналық мәселелер жөніндегі орынбасары Миржан Байсадықов сараптама жігіттің қайтыс болу себебін анықтауға көмектескенін айтты.

«Өлім суға бату кезінде тыныс алу жолдарын су жауып қалып, соның салдарынан туындаған механикалық асфиксиядан болған», — деді сарапшы.

Сондай-ақ, ол мұның алдында электр тогы соққан-соқпағанын анықтау мүмкін еместігін түсіндірді.

«Ток туралы айта алмаймыз. Оған не болды және қалай, неге жағдайы нашарлады — бұл біздің құзыретімізге кірмейді. Біз тек өлімнің тікелей себебін береміз», — деп қорытындылады маман.

Еске салайық, қайғылы оқиға 19 маусымда болған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағындағы субұрқақта 17 жастағы жасөспірім қаза тапты.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре