Бір жылда жаңа пәтерді сату бағасы 3% өсті, ал пәтерлерді қайта сату құны 3,3% төмендеді. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2,9% қымбаттады, деп хабарлады ұлттық статбюро.
Өңірлер бөлінісінде жаңа үйлер нарығында жылдық мәнде баға Ақтөбе — 8,9%, Қызылорда — 7,1% қалаларында қымбаттаған.
Қолданыстағы пәтер нарығында баға өсімінің көшін Талдықорған (9%), Атырау (8,2%) қалалары бастап тұр, тұрғын үйді жалға алу нарығында — Жезқазған (23,3%), Қарағанды (23%) Атырау (21%) қалалары.
Бір айдың ішінде (2024 жылғы қаңтарға қарағанда 2024 жылғы ақпанда) жаңа тұрғын үйді сату — 0,4%, ал пәтерлерді қайта сату 1,7% өсті.
Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі ақпанда алдыңғы аймен салыстырғанда 1,2% төмендеді.
2024 жылғы ақпан айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 30 534 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 6 017 және пәтер бойынша 24 517 мәміле жасалды.
2024 жылдың қаңтарымен салыстырғанда (31 713) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілесінің саны 3,7% азайды.
Мәміле саны бойынша бұрынғысынша Алматы (6434 — 21,1%) және Астана (5882 — 19,3%), сонымен қатар Қарағанды облысы (2297 — 7,5%) көш бастап тұр.
2024 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда ақпанда ең көп өсім — Павлодар (+17,1%), Шығыс Қазақстан облыстарында (+15,2%) және Шымкент қаласында (+10,1%).
Ал бір айдағы ең үлкен құлдырау көш бастағанына қарамастан Алматы қаласында (-22%), Ұлытау (-8,7%) және Абай облыстарында (-8,3%) байқалды.
Фото: канва
ПІКІР ЖАЗУ