ТЖМ құтқарушылары дәл қазір отпен күресіп жатыр.
Алматы қаласының өрт сөндірушілері Рысқұлов даңғылындағы базар аумағында қойманың өртін сөндіруде.
Оқиға орнына Алматы қаласының төтенше жағдай департаментінің бастығы Нұрлан Атығаевтың қатысуымен штаб жұмылдырылған.
Құтқарушылар жоғары дәрежемен жұмыс істеуде.
«Зардап шеккендер жайлы ақпарат жоқ. Оқиға орнында 77 адам мен 19 бірлік техника жұмыс істеуде. Қазір өрт оқпандары енгізілді, өрт автоцистерналары су көздеріне жедел орнатылды. суды үздіксіз беру қамтамасыз етілді», — деп жазылған ресми мәлімдемеде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
ПІКІР ЖАЗУ