Алматыда Роза Бағлановаға ескерткіш ашылды

Фото: aikyn.kz

Алматыда КСРО Халық артисі, Қазақстанның халық қаһарманы Роза Бағлановаға арналған ескерткіш ашылды, деп хабарлайды «ozgeris.info» «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.

Ескерткіш халық артисінің 100 жылдығын мерекелеу аясында Төле би көшесі мен Қалдаяқов көшесінің қиылысында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы ғимаратының алдында орнатылды.

Ескерткіштің биіктігі – 4,8 метр. Қола және граниттен жасалған. Авторлары – Д.Ағзамов, У.Ақжолтай, А.Жамхан, А.Қабыл.

Салтанатты шараға Қазақстанның Еңбек Ері, театр және кино актері Асанәлі Әшімов, Қазақстанның Еңбек Ері Әлібек Дінішев, Қазақстанның Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев, мәдениет қайраткері Қуаныш Әбдіқалымов, филолог әрі ақын Аққұштап Бақтыгереева, әншінің туғандары мен жақындары – ұлы Тәжен мен келіні Марал Бағланов қатысты.

Ескерткіштің орнатылуына арналған салтанатты шара барысында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Роза Бағланованың қазақ халық музыкасы мен Қазақстан композиторларының шығармашылығын дамытуға және насихаттауға қосқан баға жетпес зор үлесін атап өтті.

 

«ozgeris.info»