Алматы қаласының Бостандық ауданында өткен түні қонақүй бөлмесінде өрт шықты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты MADENIPORTAL.KZ порталына сілтеме жасай отырып.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі ақпарат таратты. Мәліметке сүйенсек, өрт Бостандық ауданындағы қонақүй бөлмелерінің бірінде тұтанған.
Өрт сөндірушілер шақырту алғаннан кейін 35 минут ішінде тілсіз жауды толық ауыздықтады. Нақты деректерге сәйкес, Манас көшесінде орналасқан төрт қабатты қонақүйдің жатақхана ретінде қайта жабдықталған бірінші қабатындағы бөлмеден өрт басталған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқиға кезінде баспалдақ арқылы 100 адам эвакуацияланған.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру