Алматыда мектеп оқушысын аяусыз соққыға жықты: шабуылдаушылар ең жеңіл жаза алды

Алматыда бір топ мектеп оқушысы қатарластарын аяусыз соққыға жығып, болған жайтты видеоға түсірген.

Оқиға 8 наурызда болған. Жәбірленуші құрбыларымен сауда орталығына барып, мектептегі таныстарымен жолығып қалған.

Қыздар арасында жанжал шығып, оның соңы қатыгездікпен аяқталған.

Сегіз жасөспірім оқушы қызға тап беріп, бетінен ұрып, шашын жұлып, кастетпен қорқытқан.

Анасы полицияға арызданып, қылмыстық іс қозғауды талап етті. Алайда шабуылдаушылардың бірі 40 мың теңге көлемінде ғана айыппұл алды.

Әйел бұл жазаның тым жеңіл екенін айтып, төбелеске қатысушылардың бірін бұрын нашар тәртібі үшін шығарылған арнайы мектепке қайтаруды талап етті.

Полиция қылмыстық іс қозғалғанын, барлық қатысушылардың тұлғасы анықталғанын және олардың ата-аналары жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді. Істі кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия қарайды.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!