Алматыда кәмелетке толмаған жүргізуші жол-көлік оқиғасына тап болды, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі мегаполис полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Апат Қарасу шағын ауданында 16 тамызға қараған түні болған. Диханкөл мен Сумбұле көшелерінің қиылысында Kia мен Lexus көлік қақтығысқан. Соңғысын кәмелетке толмаған жүргізуші жүргізген.
«Kia жүргізушісі екінші дәрежелі көшеден басты көшеге шығып бара жатып, Lexus-қа жол бермей, соқтығысқа әкеп соққан. Апат салдарынан Kia жүргізушісі ауыр жарақат алды «, — деп хабарлады ведомстводан.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру