Алматыда күзетшіні сабаған күдікті 14-қабаттан секірмек болды

Әлеуметтік желіде Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін аяусыз өлтірген күдіктіге қатысты жаңа мәліметтер пайда болды. 

Кісі өлтіру оқиғасы Самал-3, 25 шағынауданында, «Меркурий Тауерс» тұрғын үй кешенінде болды. Полиция келген кезде күзетшіні ұрып-соққан ер адам жасырынуға тырысты. Содан кейін 14-қабатқа өз үйіне көтеріліп, терезеден секірмек болды. Полиция қызметкерлері оған бұл ойын іске асыруға жол бермей, күдіктіні ұстады.

Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі видеоға қатысты түсініктеме беріп, кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, күзетші мен ТК тұрғыны арасында жанжал туындап, 45 жастағы ер адам күзетшіге ауыр жарақат салған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады полиция.

фото: Абзал Калиев


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора