Алматыда халықаралық іздеуде жүрген адам ұсталды, деп хабарлады мегаполис полиция департаментінің баспасөз қызметі.
26 жасар Станислав Конаков Ресей ІІМ-не мемлекетаралық іздеу жариялаған. Ер адам есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасады деп күдіктенеді. Сот үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады, алайда күдікті жасырынған.
«Қашқынды есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұстады. Ол Алматының ұйықтайтын аудандарының бірінде жасырынған. Айыпталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды», — делінген хабарламада.
ПІКІР ЖАЗУ