16 қаңтарда Алматының Түрксіб ауданында орта қысымды жерасты газ құбыры зақымданды, деп хабарлайды «QazaqGaz Aimaq» АҚ баспасөз қызметі.
Белгісіз адамдар кәріз құбырларын төсей отырып, асфальт жабынын тесу кезінде газ құбырының тұтастығын бұзған.
«QazaqGaz Aimaq» апаттық-қалпына келтіру бригадасы бүлінген учаскені жөндеумен айналысуда.
Газбен жабдықтау 8 048 пәтер, 2 543 жеке үй және 67 кәсіпорын үшін уақытша тоқтатылды.
Тұрғындарға газ крандарын жабу және жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін оларды ашпау, ал газ иісі шыққан жағдайда тез арада 104 нөміріне хабарласу ұсынылады.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру