Алматы полицейлері дүкендердің бірінде қыздың кеудесінен ұстаған ер адамның кім екенін анықтады.
Оның басқа облыстың тұрғыны екені белгілі болды.
«Бостандық аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, қылмыскердің жеке басы анықталды. Ол Атырау қаласының тұрғыны. Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабы “Ұсақ бұзақылық бойынша” материалды өндіру соттың қарауына және одан әрі шешім қабылдау үшін Атырау қаласындағы тұрғылықты жеріне жіберілді», – деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі.
Бұған дейін зардап шеккен қыз супермаркеттен видео жариялаған болатын. Кадрларға қарағанда, ер адам мас күйінде болған. Оның қасында тағы бір адам болды.
ПІКІР ЖАЗУ