Алматыда көлік құрылымын дамыту жөніндегі шеберлік-жоспарды бекіту 2023 жылдың желтоқсанына жоспарланған. Соның аясында мегшаполисте бір қоғамдық көліктен екіншісіне ауысып отыру тегін болады. Бұл туралы Ерболат Досаев өткен жұма күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа есеп беру барысында айтты, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы.
«Бірінші кезеңде 2024 жылы Райымбек даңғылындағы BRT пилоттық дәлізінің құрылысы басталады және екінші көлікке тегін ауысып отыруға мүмкіндік беретін жаңа тарифтік баға енгізіледі», – деп атап өтті Алматы әкімі.
Екінші кезең барысында, 2025-2026 жылдары LRT көлік дәліздерінің саны 10-ға дейін ұлғаяды және ұзындығы 26 км болатын бірінші LRT желісін іске қосады. Ол желі батыс жақтан қала орталығына барады. Алматы-1 және Алматы-2 станциялары жер үсті метрополитенін қосады.
«Көлік желісін дамыту трафикті тиімді басқаруға арналған құралдардың болуын болжайды. 2025 жылы қалалық магистральдар, қоғамдық көлік және «ақылды» бағдаршамдар біріктірілетін зияткерлік жүйені іске қосу жоспарлануда»,-деді Шаһар басшысы.
ПІКІР ЖАЗУ