Алматыда атақты «Атлетико Мадрид» футбол клубының академиясы ашылады

Атлетико Мадрид
Фото: atleticodemadrid.com

Мадридтің «Атлетико» клубы Алматыда өз академиясын ашпақшы. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев айтты.

«Алматыда «Қайрат» футбол клубының академиясы бар. Осындай академияны еліміздің барлық өңірлерінде ашамыз. Бір қуанышты хабарды айта кетейін. Жақын арада Алматыда «Атлетико Мадрид» академиясы ашылады. Бұл – Испаниядағы жетекші клубтардың бірі. Келіссөздерді аяқтап қалдық», — дейді министр.

Айта кетейік, «Атлетико Мадрид» — Испаниядағы ең атақты клубтардың бірі. Ол Испанияның 11 дүркін чемпионы, Испания кубогының 10 дүркін жеңімпазы, 2009/10, 2011/12 және 2017/18 маусымдарында УЕФА Еуропа лигасында топ жарған.