Алматыда ашулы тұрғын турфирма қызметкерінің басына қайшы лақтырған

Алматыда турфирманың қызметіне қанағаттанбаған тұтынушы қызметкердің басын қайшымен жарақаттады.

Кеше бізге келген клиентке виза беруден бас тартылған соң, ол маған шабуыл жасауға көшті. Біз АҚШ пен Шенген визасын рәсімдемек болғанбыз. Екі жағдайда да виза беруден бас тартылған соң, ол барлық жұмсаған ақшасын менен өндіріп алуды шешті. Осылайша, кеңседе жанжал шығарып, қолына тиген заттарды маған лақтыра бастады, арасында қайшы да болды. Қайшы басыма кіріп кетті, – деп жазды турфирма қызметкері Instagram-дағы парақшасына.

Сондай-ақ тұтынушы қызметкердің үстінен алаяқтық бойынша шағым жазған.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған оқиға Алмалы ауданы ПБ полиция бөлімінде тіркеліп, тексеріліп жатыр.

«Әйелдің алған дене жарақатының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Іс-шаралар кешенінің нәтижелері бойынша шешім қабылданады», – деп мәлімдеді қалалық ПД баспасөз қызметі.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)