Алматыда өгей қызын өлтірді деген күдікке ілінген әйел екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 14 шілдедегі қаулысымен күдікті Т. есімді әйелге қатысты «ауыр қылмыс жасады» деген айып бойынша сотқа дейінгі тергеу органының арызы қанағаттандырылып, сотқа дейін бұлтартпау шарасы санкцияланды. Оған 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды», — делінген хабарламада.
Бұған дейін Алматы қалалық полиция департаменті Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс ҚР ҚК 99-бабы 3-бөлігімен тергеліп жатқанын хабарлаған болатын.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, 47 жастағы өгей анасы жас қызды өлгенше соғып тастаған.
Салдарынан қыз бала оқиға орнында жан тапсырды.
ПІКІР ЖАЗУ