Алматыда 12 жастағы қыз бала 13-қабаттан құлап, мерт болды

Алматыда 12 жастағы қыз баланың 13-қабаттан құлап, көз жұмғаны туралы ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Белгілі болғандай, қыз бала қосымша тапсырмаларын орындау үшін үйінен шығып кеткен, бірақ қосымшаға барудың орнына 13-қабатқа көтерілген.

Алматы полиция департаментінде қыз баланың көз жұмғаны расталды.

«Бұл факт бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Себеп пен мән-жайлар белгіленеді», — деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, полицейлер қайтыс болған қыз баланың қауіпті «Көк кит» ойынын ойнағаны туралы интернетте таратылған ақпарат шындыққа жанаспайтынын атап өтті.

«Әлеуметтік желіде қайтыс болған баланың қауіпті ойындар ойнағаны және өзіне-өзі қол жұмсау туралы жазба қалдырғаны ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Алматы қаласының полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді және ресми дереккөздерден алынған деректерді басшылыққа алуға шақырады», — деді баспасөз қызметі.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...