Дариға Нұркеева есімімен танылған Daricorn блогерінің жол қозғалысы ережелерін елемеуі полицияның ашуын тудырды, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі Tengrinews басылымына сілтеп.
Полиция мәліметінше, ол автокөлікті жүргізу кезінде жолақтарды ескерту сигналысыз күрт ауыстырып, апатты жағдай туындатқан. Бұл тек жауапсыздық емес, қоғамның қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіру деп бағаланды.
«Мұндай әрекеттер лайк пен қаралым үшін жасалғаны анық. Бұл – цинизмнің шегі. «Бәрі болады» деген желілік хайпқа жол жоқ – заңмен қатаң бағаланатын болады», – деді қалалық полиция өкілдері.
Нұркееваға екі бірдей әкімшілік айыппұл салынды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру