Алматы-Өскемен тас жолында әскери техника тралдан құлап, ЖКО тудырды, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол».
Апат 15 қаңтарда 13.40-та жолдың 56-шы шақырымында болған.
«Трал жүргізушісі Заречный ауылы маңындағы жол өтпесінен түсу кезінде жеңіл брондаудың екі көпфункционалды тартқышының құлауына жол берді. Техника жолдың жүру бөлігіне аударылып, Ssang Yong Actyon автокөлігімен соқтығысуға әкеп соқты», — делінген хабарламада.
Апат салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
15 қаңтар күні таңертең осы тас жолда ірі жол-көлік оқиғасы орын алды — 18 автомобиль соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының себебін полиция жолдағы көрінуді айтарлықтай нашарлатқан қалың тұман деп атады.
ПІКІР ЖАЗУ