Алматы облысының 62 елді мекенінде электр жарығы қалпына келтірілді

Алматы облысының әкімдігі өңірдегі 62 елді мекенінде электр жарығы қалпына келтірілгенін мәлімдеді.

Дерекке қарағанда, төмендегі елді мекендерде электр желісіндегі ақау түзелген:

Талғар ауданы: Талғар қаласы, Белбұлақ, Талдыбұлақ, Бірлік, Тұздыбастау, Гүлдала, Бесағаш, Панфилова, Рысқұлов ауылдары.

Іле ауданы: Жаңадәуір, Қоянқұс, Жаңалық, Байсерке, Ардагер, Жомарт ауылдары мен Ардагер, Ветеран саяжайлары.

Жамбыл ауданы: Қарғалы, Қарасу, Мыңбай, Самсы, Балғабек-Қыдырбекұлы, Үмбеталы ауылдары.

Қарасай ауданы: Әйтей, Іргелі, Жандосов, Шамалған, Елтай, Береке, Қошмамбет, Жамбыл, Шалқар, Шөтерек, Кемертоған, Көктоған, Тұрар, Жалпақсай ауылы, Құлашы, Батан, Ұлан ауылдары және Рахат саяжайы, Қаскелең қаласы,.

Ұйғыр ауданы: Сүмбе, Ташқарасу, Арасан ауылдары.

Еңбекшіқазақ ауданы: Тескенсу, Ащысай, Қаратұрық, Лавар, Май, Байсейіт, Массақ, Нұрлы, Малыбай, Қайрат, Жаңа шаруа, Дихан, Ақтоған, Асы-Саға, Қаражота, Көкпек, Бабатаған, Бәйтерек, Азат, Бөлек, Таутүрген, Түрген, Көктөбе ауылдары.

«Жұмыстар жалғасуда. Жаңа ақпаратпен қосымша бөлісіп отырамыз.

Біз жедел-қалпына келтіру жұмыстары мен диспетчерлерді тамаша үйлестірген жұмысы үшін аудандық электр желілерін және «Алатау жарық» компаниясының жедел-көшпелі бригадаларының барлық қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз», — делінген ақпаратта.

Фото: Алматы облысы әкімдігі